Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын тапсырды.
Ұсынылған материалдар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріле отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарауына жатады.
Құжаттарды ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 87-бабында көзделген кандидаттарды ұсыну кезеңі шеңберінде жүзеге асырылады. Кандидаттарды ұсыну құқығына заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар ие.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының Күнтізбелік жоспарына сәйкес құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 шілде, сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.