Байқоңырдан гептильді зымырандарды ұшыру 2026 жылы тоқтайды

11 Маусым 2020, 17:04
2340
Бөлісу:
Байқоңырдан гептильді зымырандарды ұшыру 2026 жылы тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Байқоңырдан гептильді зымырандарды ұшыру 2026 жылы тоқтайды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты.

Қазіргі таңда мәселелерді реттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз бекіткен жұмыстар 2023 жылға дейін орындалады. Қолда бар жоспар бойынша Байқоңырдан ұшырылатын гептильді зымырандардың ұшырылуы 2026 жылы тоқтайды. Реттеу мәселелері бойынша бастау жұмыстарын гептильді емес зымырандарға бейімдеп, дайындау керек, - деді министр. 

Сондай-ақ Жұмағалиев төмен орбиталық жерсеріктер бойынша бірқатар шетелдік компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ арқылы жұмыстың нәтижелері мен шешімдерін хабарлайтын боламыз, - деді Асқар Жұмағалиев. 

Министр "Байқоңыр - ғарыш бесігі" және тарихи қала екенін атап өтті.

Қазір өздерінің еңбек ресурстарын жойып, ескірген зымырандарды жіберу жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр. Болашақта олардың сапалы қызмет көрсетуі үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы