Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

5 Ақпан 2023, 19:22
1136
Бөлісу:
Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды
Фото: egemen.kz

5 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:12 шамасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Зымыранға №4 «Электро-Л» ғарыш кемесі бекітілді.

Роскосмос хабарлауынша, «Электро-Л» сериялы ғарыш аппараты ғалымдарға ауа райын болжауға, авиациялық ұшулар шарттарын талдауға, теңіз және мұхит суының жағдайын бақылауға, сондай-ақ қауіпті аймақтардағы төтенше жағдайларды жою шараларын жоспарлауға көмектеседі.

Қазір электро жүйесінде 2011 жылдан бері «Электро-Л» №2 және «Электро-Л» №3 екі жер серігі пайдаланылып келеді.

Өзгелердің жаңалығы