Байқоңырлықтар баспаналы болды

8 Желтоқсан 2019, 13:37
8188
Бөлісу:
Байқоңырлықтар баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баспана кезегінде тұрған байқоңырлықтарға тұрғын үй кілттерін табыстады.

Бұл көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 мың 700 шаршы метрді құрайды. 5 үй мен инженерлік инфрақұрылым үшін 2,1  млрд  теңге қаржы бөлінген.

BEK_6696.jpg

Көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беру салтанатына облыс әкімімен бірге облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Б.Намаев пен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы В.Лопаткин де қатысты. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.  Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Бүгінгі күні Байқоңыр қаласында пәтер кезегіне 1252 адам тіркелген.

Баспаналы болған жұлдызды қалашық тұрғындарын құттықтаған аймақ басшысы, бұл Байқоңырда соңғы 30 жылда салынған алғашқы тұрғын үй құрылысы екенін атап өтті.

Келесі 2020 жылы осы жақсы бастаманы одан әрі жалғастырып, тағы бес көқабатты  тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде осы қалада тұрып, әр салада еңбек етіп жатқан елу мыңға жуық қазақстандық азаматтар бар. Бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жерлестеріміз баспаналы болып, тұрмыс жағдайын жақсартып, үлкен қуанышқа бөленуде. Жұлдызды қаланы жаңа нысандармен толықтырып, жаңарту идеямызға қолдау көрсетіп, алғашқы тұрғын үйлердің құрылысын бастаған барлық құрылыс компанияларына және жұмысшылардың еңбектеріне қала тұрғындарының атынан алғысымызды айтамыз. Қоныстарыңыз құтты болсын,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Өзгелердің жаңалығы