Байқоңыр қаласында террористік қауіптің «көк» деңгейі енгізілді

19 Қаңтар 2022, 22:26
991
Бөлісу:
Байқоңыр қаласында террористік қауіптің «көк» деңгейі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр қаласында террористік қауіптіліктің жоғары «көк» деңгейі енгізілді, деп хабарлайды қала әкімшілігінің ресми сайты.

Қала басшылығының мәліметінше, құқық қорғау органдарынан террористік акті қаупі және оның жасалуына қарсы іс-қимыл ұйымдастыру туралы ақпарат түскен.

Осыған байланысты Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, әкімдік басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр аумағында террористік қауіптіліктің жоғары «көк» деңгейін енгізу туралы шешім қабылдады. Ол 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 12.00-ден 3 ақпан сағат 12.00-ге дейін белгіленген. Аталған шешім 15 тәулік аралығында өз күшінде болады.

Құқық қорғау органдары Байқоңыр аумағында азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауда.

Құқық қорғау органдарына көмек көрсете отырып, олардың талабына түсінікпен және шыдаммен қарау сұралады.

Өзгелердің жаңалығы