Байқоңыр: берекелі тұрмыс шешімдері

31 Наурыз 2023, 18:15
1514
Бөлісу:
Байқоңыр: берекелі тұрмыс шешімдері
Фото: tolqyn.kz

Екі валюта (рубль және теңге) айналымда жүретін бірегей қала Байқоңырдағы мәселелер заң аясында, өзара келісіммен шешілуде, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Байқоңыр қаласының тұрғыны Хамза Қуатовтың айтуынша, валюталар құбылғанда қоғамдық көлік жолақысына әсер еткен.

Біздің қалада жолақы – 17 рубль. 1 рубль 5 теңге болғанда, 100 теңге төлейтінбіз. Бір жыл бұрын 1 рубль 5 теңгеден 8 теңгеге көтерілгенде «Автосервис - Алеко» мекемесі автобуста жүру ақысын 100 теңгеден 120 теңгеге қымбаттатты. Жақында теңге қайта көтеріліп, бұрынғы қалпына келді. Яғни 1 рубль 5 теңге болды. Алайда, қаладағы «Автосервис - Алеко» мекемесі жолақыны 120 теңге деңгейінде сақтап қалды. Орыс валютасы бар жолаушылардан 17 рубль алса, орыс валютасы жоқ азаматтардан 120 теңге алды. Қазақстан валютасы қайта қалпына келсе, үстіне қосылған 20 теңгені алып тастамады, – дейді тұрғын.

Осыған байланысты тұрғындар ҚР Президентінің Байқоңыр ғарыш айлағандағы арнаулы өкілі Қайрат Нұртай мен Байқоныр қаласының прокуроры Талғат Бектұрсыновқа жүгінген.

Байқоңыр – ерекше аумақ. Бұл жерде Ресейдің және Қазастанның заңы жүреді. Байқоңыр қаласының өзінде бірыңғай Ресей мемлекетінің мекемелері, әкімшілігі, прокуратурасы, соты және басқа да мемлекеттік органдары, ал Байқоңырдың жанындағы Төретам және Ақай ауылдық округтерінде Қазақстанның мемлекеттік мекемелері қызмет атқарады. Бірақ Байқоңыр қаласында 72 мыңнан астам халық тұрса, оның 80 пайызы Қазақстан Республикасының азаматы. Біз олардың құқықтарын қорғауға барлық іс-шараны жүргіземіз. Ал қоғамдық көлікте жүру жолақысына қатысты тұрғындар Байқоңыр қаласының прокуратурасына шағым түсірген. Себебі тасымалдау ақысын 17 рубль етіп белгілеген. Оны теңгеге шаққанда 120 теңге. Бұған дейін белгілі, рубльдің құны шарықтап өскен болатын. Қазіргі таңда Ресей валютасы едәуір түсті. Алайда қоғамдық көліктегі жолақы сол күйі қалып, халықты тасымалдап келген. Осыған байланысты мен «Автосервис - Алеко» мекемесінің басшысын шақыртып, сонымен қатар осы мекеме арқылы тасымалдау қызметін атқаратын қоғамдық көлік иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде жолақы 11 наурыздан бастап 1 рубль 6 тиынға, яғни 100 теңгеге түсті. Тұрғындардың тілегі қанағаттандырылды, - дейді Байқоныр қаласының прокуроры Талғат Бектұрсынов.

Оның айтуынша, Байқоңырдағы барлық мәселе құқықтық алаңда оңтайлы шешілуде.

Өзгелердің жаңалығы