Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады

20 Желтоқсан 2023, 14:29
429
Бөлісу:
Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Байқоңыр ауданында абаттандырылған аулалардың саны 2023 жылы 205-ке дейін өсті. Келер жылы 90 аула кеңістігінде жалғастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Талғат Рахманберді өз сөзінде аудандық әкімдік жұмысының маңызды бөлігі тұрғындардың бос уақытын қолайлы өткізуіне жағдай жасау екенін айтып өтті. Жыл сайын жаңа орындар мен аулалар жабдықталады.

Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады

Биыл 11 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, 25 аулада кешенді абаттандыру жүргізілді, 42 аулада ойын және спорт аймақтары жөнделді. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 аула абаттандырылды. Жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесі бойынша абаттандырылған аулалар санын 205-ке дейін жетті, бұл ауданның барлық аула аумағының 84%-ын. (245 аула) құрады», - деді аудан әкімі.

Бұдан басқа, 2024 жылы тиісті қаржыландыруды бөлу кезінде ауданда 20 қоғамдық кеңістік ашу, сондай-ақ 90 аулада абаттандыру жүргізу жоспарланып отыр.

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша 20 жаңа контейнерлік алаң орнатылып, 200 жұмыс істеп тұрған алаңға жөндеу жүргізілді, 50 күл контейнері дайындалды.

Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады

2024 жылы қолданыстағы 300 алаңды жөндеу, кеңейту және 100 күл контейнерін дайындау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы