Елімізде 2 мың елді мекенге байланыс желісін орнатуға 25 жыл кеткен

26 Тамыз 2020, 16:38
1369
Бөлісу:
Елімізде 2 мың елді мекенге байланыс желісін орнатуға 25 жыл кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар атқарылады? Ірі жергілікті жерлер мен магистральді жолдардан шалғай жатқан кез келген ауылдық жерге барып антенна орнатып, оны тоққа қоссақ, кеңжолақты интернет пайда болмайды. Бұл - ауқымды кешенді жұмыс. Антеннаны әкеліп орнату үшін жақсы байланыс арнасы қажет. Жақсы байланысқа оптикалық жол арқылы ғана жетуге болады. Жергілікті жерде оптика орнату өте қымбат. Дегенмен, ол салынып жатыр, - деді ол. 

Виталий Ярошенко атағандай, елде 6400 жергілікті ауыл бар. 

Халықтың 85 пайызы 2 мың жергілікті жерге шоғырланған. Осы 2 мың жергілікті жерде байланыс желісі 25 жыл салынды. Қалған 4 мыңында да осындай байланыс желісін орнату қажет. Тағы екі мың елді мекен 3G-4G-мен қамтылады. Биыл мыңға жуық елді мекенде байланыс орнатылды. 882 ауылда байланыс желісін орнату қалды, - деді ол. 

Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарының маусымы шектеулі болғандықтан, бірден байланыс тарту мүмкін болмай отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Виталий Ярошенко санаулы күннен кейін басталатын жаңа оқу жылында интернеті жоқ ауылдардың оқушылары мектепке барып оқитынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы