"Байқоңырды" басқаруға Ресей Қарулы күштерінің экс-қызметкері тағайындалды

6 Маусым 2021, 21:02
2352
Бөлісу:
"Байқоңырды" басқаруға Ресей Қарулы күштерінің экс-қызметкері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр ғарыш айлағының директоры Валинур Агишев Восточный ғарыш айлағының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

«ЖҒИНПО» АҚ Бас директоры Руслан Мұхамеджанов Байқоңырда және ғарыш айлақтарында жоспарлы тағайындаулар туралы бұйрыққа қол қойды. «Шығыс» ғарыш орталығы бөлімшесінің директоры қызметіне бұрын «Оңтүстік» ғарыш орталығы (Байқоңыр ғарыш айлағы) филиалының директоры қызметін атқарған Валинур Агишев тағайындалды - делінген хабарламада.

Ал Байқоңырға тағайындалған жаңа басшы - бұрын «Шығыстағы» жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор қызметін атқарған Сергей Мочалов болды.  

Мочалов Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей Қарулы күштерінде қызмет еткен, ғарыш айлағындағы филиалда басшылық лауазымдарды атқарды. 2018 жылдан бастап Восточный ғарыш айлағында жұмыстарды сүйемелдеу жөніндегі директор болып жұмыс істеді - делінген орталық ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы