Бәйдібек ауданында «Даңқ» мемориалы ашылды

23 Желтоқсан 2021, 21:49
3327
Бөлісу:
Бәйдібек ауданында «Даңқ» мемориалы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы орталық саябақта «Даңқ» мемориалы ашылды. 

Мемориалдың ашылуына Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды. Гүл себеттері қойылып, өмірден өткен майдангерлерге құран оқылды. 

Жалпы Бәйдібек ауданынан екінші дүниежүзілік соғысқа 7 мыңнан астам адам аттанса, оның біразы қан майданынан оралған жоқ. Ауданнан соғысқа қатысқандардың тізімі мұрағаттан және басқа да мекемелерден сұрастырылып, ардагерлерге қатысты барлық мәліметтері жинақталған. 

Жаңадан ашылған «Даңқ» мемориалына ауданнан соғысқа қатысқан 6 мыңнан аса майдангердің есімдері тасқа қашалып жазылды. 

Бұл тізімдер алдағы уақытта толықтырылып, дерегі анықталған ардагерлердің есімі қосымша енгізіледі. Шаян ауылында ашылған «Даңқ» мемориалы көрнекті орындардың бірі ғана емес, жастарды отаншылдыққа баулып, тарихи сананы жаңғыртатын нысан болмақ.

Өзгелердің жаңалығы