Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті қол қойған жарлық Ақ үйдің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұйрық бойынша "АҚШ-тан немесе америка азаматының Ресей Федерациясының үкіметіне немесе Ресейдегі кез келген тұлғаға АҚШ долларын тікелей немесе жанама түрде экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар Байден Ресейден алкоголь, гауһар тастар мен теңіз өнімдерін әкелуге, елге сәнді тауарларды экспорттауға шектеу қойды.