Байден америкалықтар азық-түлікке зәру екенін айтты

6 Ақпан 2021, 14:28
2085
Бөлісу:
Байден америкалықтар азық-түлікке зәру екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті пандемия салдарынан туындаған дағдарыстың әсерінен 36 млн америкалық азық-түлікке зәру екенін айтты, деп жазды korrespondent.net.

Байденнің айтуынша, АҚШ экономикасы қиын жағдайда. Падемия салдарынан елде мұқтаж адамдар көбейген, сондықтан оларды қолдау мен экономиканы ынталандыру шараларына 1,9 млрд доллар шамасында қаржы жұмсау қажет. 

Ел экономикасы оңала қоймағанын түсінуіміз керек. 10 млн астам адам жұмыссыз жүр, 4 млн адам жарты жылда еңбекақысынан айырылды. 24 млн ересек пен 12 млн бала, анығын айтқанда, азық-түлікке зәру, - деді ол.

Байденнің айтуынша, билік тез арада нақты шаралар қабылдауы керек. Оның ұсынған жобасында вакцинацияға 160 млрд доллар бөлу қарастырылған. Сондай-ақ мұқтаждарға 1,4 мың доллардан төлеуді де жүзеге асырмақ.

Өзгелердің жаңалығы