Байбек: 6 күнде 12 мыңға жуық отбасыға 214 млн теңге көмек көрсетілді

26 Наурыз 2020, 13:20
2482
Бөлісу:
Байбек: 6 күнде 12 мыңға жуық отбасыға 214 млн теңге көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Біз біргеміз!" акциясы аясында Nur Otan партиясы мен Тұңғыш президент қоры төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетті.

Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Біз біргеміз!" республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мен Тұңғыш президент қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді.

Тек соңғы 6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн теңгеге көмек көрсетілді.

Жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген Jas Otan волонтерлері мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын, - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы