Баянауылда ұшқыштар даярланады

<p> </p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жаңалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;Pavlodarnews.kz.

 14 Шілде 2021 2021, 05:15
14 Шілде 2021 2021, 05:15
1571

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жаңалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Аудан әкімі Қанат Кәрімов айтып өткендей, Баянауылдағы аэродром кішігірім ұшақтар мен тікұшақ ұшқыштарын даярлайтын оқу-жаттығу орталығы орналастырылады. Сот шешімі бар. Бұл қадамға қажет құжаттама әзірленуде.

Аэродром жолаушыларға тұрақты түрде неге қызмет көрсетпейтіні де сөз болды. 

Тұрақты жолаушылар рейстерін ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Кешен оқу-жаттығу рейстерін ғана жүзеге асыратын мамандандырылмаған аэродром ретінде ғана тіркелген, – дейді Қанат Кәрімов.

Болашақта Баянауылда чартерлік рейстер қабылдайды деп жоспарлануда. Тұрақты әуе рейстері үшін «Казаэронавигация» МКК рұқсат алу да қарастырылуда.
Наверх