Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. StopFake.kz редакциясына хабарласқан оқырман «Баянауыл курорты карантинге жабылатыны рас па?» деп сұрады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл қауесетті жоққа шығарды.
Қазіргі уақытта курорт демалушылар үшін ашық. Демалыс аймақтары мен жағажайлар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді.
Қазақстандықтардың сүйікті демалыс орны аумағына карантин енгізу жоспарланып отырған жоқ.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Павлодар облысының Баянауыл ауданы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Бүгінгі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұған қарамастан, барлық азаматты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің барлық санитарлық талабын сақтауға шақырамын, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.