Баян Жандосова: Жастарымыз енді мұндай қадамға бармайды деп ойлаймын

5 Қаңтар 2023, 11:39
1398
Бөлісу:
Баян Жандосова: Жастарымыз енді мұндай қадамға бармайды деп ойлаймын

Қаңтар оқиғасының болғанына тура бір жыл. Қаралы оқиға туралы «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова өз ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әрине, сол уақытта жастарымыздың арандатушылардың соңына ергеніне жүрегім ауырады. Осы оқиғада еліміздің қаншама азаматы өмірден кетті, қаншасы сотталды. Ұлттық комиссия мүшесі ретінде сол темір торда отырған азаматтармен кездесіп, оқиғаның мәнін түсініп, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырыстық. Өзім үнемі аналармен талқылап, жастарды телеарна арқылы, кездесулер өткізе отырып дұрыс жолға салып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келемін, – деп атап өтті.

Маман пікірінше, араңдатушылар мемлекеттік ғимараттарды қиратып, тоңап қана қоймай, қала кәсіпкерлерінің де ғимараттарының астан-кестенің шығарған. Ала-сапыран уақытты пайдаланғандар дүкендерді тонап, оларға екі есе шығын келтірген.

Бұл, әрине, ойламаған жерден болған оқиға болды. Ол, ең бірінші, адал еңбегімен күнкөріс қамын ойлап жүрген кәсіпкерлерге зиянын әкелді. Оқиғадан кейінгі күні біз кәсіпкерлермен кездескен едік, сонда көптеген кәсіпкердің, ғимараттың жапа шеккенін естідік, – дейді ол.

Сондай-ақ осы оқиғада араңдатушылардың құрбаны болғандардың көбі – жастар екенін айта кеткен жөн. 

Қаңтар оқиғасы бәрімізге үлкен сабақ болды. Осындай уақытты бастан кешірген жастарымыз енді мұндай қадамға бармайды деп ойлаймын. Одан бері елімізде түрлі өзгерістер орын алды. Ел болып референдум өткізіп, ел президентін сайладық. Себебі мемлекет болып, қоғам болып халыққа жақсы жағдай жасалуда. Қазір оқимын десеңіз де, кәсіппен айналысамын десеңіз де мүмкіндік көп. Бастысы, жастар сана-сезімдерін пайдалы бағытқа бұрып, сол мүмкіндіктерді пайдалану керек, – дейді «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова.

Өзгелердің жаңалығы