Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның бүркітті аңшылар қауымдастығы ұйымдастыратын жыл сайынғы «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгий аймағында өтеді. Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.
Осымен 21 мәрте өткізілетін туристік іс-шараны Моңғолия Қоршаған орта және туризм министрлігі мен Баян-Өлгий аймағы әкімшілігі бірлесе ұйымдастырады.
Фестиваль кезінде 60-тан аса аңшы сайысқа түсіп, көрермендерге құсты басқара алу және оның көмегімен аң алу шеберлігін көрсетеді. Сондай-ақ, шара аясында түрлі жарыстар, қойылымдар және қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі.