Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды

20 Ақпан 2020, 13:29
2160
Бөлісу:
Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз мәслихатын өткізді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бөлімі елорданың "Байқоңыр ауданының" бұрынғы әкімі Асқар Есіловке және "Dory build" ЖШС өкілі С Нуртазинге байланысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Тергеу барысында күдіктілер кінәсін мойындап, тергеуді жедел түрде аяқтауды сұраған. Осылайша 2020 жылдың 17 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотының үкімімен Есіловке 15 млн 450 мың теңге және Нұртазинге 7 млн 725 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, олар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Айта кетейік, аудан әкімі 2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласындағы "Байқоңыр" ауданының аумағын абаттандыру бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға көмектескені және жалпы қамқорлығы үшін жеке компания өкілінен соңғы үлгідегі "Iphone" пара алды деп күдіктелген.
Өзгелердің жаңалығы