«Бавария» - Еуропаның үздігі!

24 Тамыз 2020, 09:10
1208
Бөлісу:
«Бавария» - Еуропаның үздігі!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА Чемпиондар лигасының 2019/20 жылғы маусымы мәреге жетті. Финалда Франциянык ПСЖ клубын жеңген Германияның «Бавария» осы доданың алты дүркін чемпионы атанды.

Матч Лиссабондағы «Да-Луш» стадионында өтті. Екі команда өте сақ ойнады. Кездесу тағдырын 59-минутта Кингсли Коман шешті. Ол Йозуа Киммихтің әуелетіп берген добына бірінші жетіп, Навастың қақпасынан саңылау тапты. 

Осылайша, «Бавария» 6 дүркін чемпион атанды. Бұған дейін 1974, 1975, 1976, 2001 и 2013 жылдары топ жарған.

Германия клубы топтық кезеңде 6 ойынның бәрін жеңген. Ал плей-оффта Англияның "Челси" (3:0, 4:1), Испанияның «Барселону» (8:2) және Францияның «Лион» (3:0) клубтарын қапы қалдырған. Финалда ПСЖ-ны ұтқаннан кейін жаңа рекордты тіркеді. Бұған дейін ешқандай клуб қатарынан Чемпмиондар лигасының бір маусымдағы барлық ойынын жеңбеген.
Өзгелердің жаңалығы