Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Қырғызстан Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдегі төтенше жағдай кезінде көршілес Қырғызстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстаннан елдері жүк көліктеріне тиелген керек-жарақтарды жөнелткен еді.
Гуманитарлық көмек су басқан Ақтөбе, Атырау, БҚО және Қостанай облыстарына жеткізілді. Қазақпен ықылас-ниеті бір халық керек-жарақты небәрі 2 күн ішінде жинаған, - деп жазды «Қазақстан» ұлттық арнасы жалпыұлттық телемарафонда.