Баум тоғайын жаңғырту жұмыстары толық аяқталды

Жоба барысында 1000-нан астам жаңа ағаш отырғызылып, ит серуендетуге арналған арнайы алаң да жаңартылды.

 Алматы қаласы әкімдігі Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
219
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы ең ірі жасыл аймақтардың бірі – Баум тоғайын көріктендіру жұмыстары аяқталды. Аумағы 137,7 гектарды құрайтын тоғайдың негізін 130 жылдан астам уақыт бұрын орманшы-ғалым Эдуард Баум қалаған.

Жоба Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бастамасымен жүзеге асырылды. Жұмыстар табиғи экожүйені сақтай отырып жүргізіліп, бірде-бір ағаш кесілмеген.

Көріктендіру аясында тоғайдағы 23 шақырымнан астам жаяу жүргінші және веложол жаңартылып, заманауи жарықтандыру мен бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Сондай-ақ аумақта балалар алаңы, workout-аймақ, пикник орындары, орындықтар мен күркелер, йога, үстел теннисі және памп-трек алаңдары салынды.

Жоба барысында 1000-нан астам жаңа ағаш отырғызылып, ит серуендетуге арналған арнайы алаң да жаңартылды.

Баум тоғайын жаңғырту жұмыстары инвестор BAZIS-A компаниясының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Наверх