Батыстағы жолдарды жөндеуге қазынадан қаражат көбірек бөлінеді

17 Қазан 2022, 12:10
915
Бөлісу:
Батыстағы жолдарды жөндеуге қазынадан қаражат көбірек бөлінеді

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2022 жылы жергілікті маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға 372,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 278,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 93,4 млрд теңгеге тең. Бөлінген қаражат есебінен 4,6 мың шақырым жұмыс жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарының шамамен 70%-ы орындалды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, жалпы, жергілікті желінің жол жобаларын қаржыландыру тепе-тең негізде жүзеге асырылып жатыр. 

Яғни республикалық бюджеттен 50%, жергілікті бюджеттен 50% негізде жүзеге асырылады. Тек екі облыс жолдарының ең нашар жағдайына байланысты 70% және 30% қағидаты бойынша қаржыландырылады. Бұл – Батыс Қазақстан және Атырау облыстары. 2023 жылдан бастап жолдарды жөндеуге қаржыландыру Ұлттық экономика министрлігі арқылы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферт шеңберінде жүзеге асырылатын болады, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы