Батыс Қазақстанда тұтанған 40 өрт ошағының 35-і ауыздықталды

11 Шілде 2023, 12:38
540
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда тұтанған 40 өрт ошағының 35-і ауыздықталды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында 35 учаскеде өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан облысында 40-қа жуық құрғақ жану тіркелген. 

Өрт сөндірушілер мен ЖАО жедел әрекеттері мен уақтылы қабылданған шараларының арқасында 35 жану сөндірілді. Бүгінгі таңда сөндіру жұмыстары Сырым, Тасқала және Қазталов аудандарындағы қалған учаскелерде жүргізілуде. Облыс бойынша барлығы 1000-ға жуық жеке құрам және 200-ден астам техника жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы