Батыс Қазақстанда құрғақ шөп өртенді

4 Шілде 2023, 01:22
598
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда құрғақ шөп өртенді
Фото: baq.kz

Батыс Қазақстан облысында құрғақ шөп отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға 3 шілде күні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі аумағында болды.

Шыңғырлау ауданымен шекаралас аумақта құрғақ шөп жанды. БҚО ТЖ департаменті, жергілікті атқарушы органдар және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет күшімен (63 адам, 16 техника, 1 спутниктік телефон) Бөрлі және Шыңғырлау ауданынан екі жедел топ құрылып, екі жақтан өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Шамамен 40 гектардан астам алқапта құрғақ шөп жанды. ТЖ департаменті базасында күш-құралдарды үйлестіретін жедел штаб құрылып, жұмыстануда. «Тілсіз жау» сағат 21.21-де оқшауланды. Қазіргі уақытта дала өртінің басым бөлігі сөндірілді, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің таралуы байқалмайды, – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатырғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы