Батыс Қазақстанда ауылдық елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда

19 Мамыр 2024, 07:15
361
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда ауылдық елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үй кезегінде тұрған облыстардағы ауылды елді мекендердің тұрғындарын баспанамен қамту басты міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын. Осы ретте, Батыс Қазақстан облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2023 жылы Батыс Қазақстанның ауылды елді мекендерінде 105 пәтер пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақжайық ауданында – 48пәтер, Қаратөбе ауданында– 12 пәтер, Шыңғырлау ауданында – 45 пәтер.

Бұдан бөлек, республикалық бюджет қаражаты есебінен ауылды жерлерде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша 202 пәтер сатып алынды.

Биыл 2024 жылы БҚО-да кезекте тұрған ауылды елді мекен тұрғындары үшін 6 жалдамалы тұрғын үйді қолданысқа беру және 758 пәтерді сатып алу жоспарлануда.

Нәтижесінде 900-ге жуық отбасы өз баспанасына қол жеткізеді.

Өзгелердің жаңалығы