Батыс Қазақстанда 62 тонна шөп жанып кете жаздады

2 Қазан 2024, 08:55
247
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда 62 тонна шөп жанып кете жаздады
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысында 62 тонна шөп өрттен құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Тасқала ауданының Айнабұлақ ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 25 тонна шөп өрттенген.

Кәсіби өрт сөндірушілер өрт сөндіру кезінде көршілес аумақтарға су төгіп, жақын маңдағы маяларды қауіпсіз қашықтыққа тасымалдауды ұйымдастырды. Осылайша олар 62 тонна шөпті өрттен құтқара алды. Өрт 130 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы