Батыс Қазақстан облысындағы бухгалтер бюджеттен 9 миллион теңге ұрлаған

Бюджет қаражатына қол салған есепші сотталды.

Бүгiн 2026, 20:45
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 20:45
Бүгiн 2026, 20:45
98
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

БҚО Тасқала ауданының прокуратурасы Тасқала ауданы білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.

Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Соттың үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды, - деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін қарағандылық әйелдер емханаға заңсыз төленген ақшаларын қайтарып алды.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Астанада 100-ден астам адамды алдаған алаяқ сотталды

Студенттерді грантқа ауыстырамын деп алдаған алаяқ ұсталды

Наверх