Қарағандылық әйелдер емханаға заңсыз төленген ақшаларын қайтарып алды

ҚР заңнамасына сәйкес аталған қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетілуі тиіс болған.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 15:03
Бүгiн 2026, 15:03
188
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Прокуратура актісі бойынша әйелдерге медициналық қызметтер үшін заңсыз алынған қаражат қайтарылды.

Қарағанды облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында әйелдерден жүктілікті жасанды түрде үзу қызметтері үшін негізсіз ақша алынғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетілуі тиіс.

Яғни, МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер өз құқықтарын пайдалану мүмкіндігінен негізсіз айырылып, медициналық қызметтер үшін өз қаражаттары есебінен төлем жасауға мәжбүр болған.

Соңғы 3 жыл ішінде медициналық қызметтер үшін екі рет төлем алынған 775 жағдай анықталды, олардың жалпы сомасы 22 млн теңгені құрады. Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша 218 әйелге жалпы сомасы 7 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды. (қаражатты қайтару жұмыстары жалғасуда), - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада «грантқа түсіремін» деп 100-ден астам адамды алдаған алаяқ сотталды.

Наверх