Оқу-жаттығу барысында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дағдарыстық жағдайды еңсеруді, сондай-ақ сырттан қауіп төнген кездегі әртүрлі сценарийлерді пысықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараларға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның жедел топтары қатысады.
Кешенді оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейін, жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының үйлесімділігін арттыруға, бірлескен тапсырмаларды орындау арқылы жеке құрамның машығын жетілдіруге бағытталған.