Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды

10 Қаңтар 2024, 21:14
481
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды
Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының өңірлерде Азаматтарды қабылдау орталықтарын кеңейту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс және Орал қаласы, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мемлекеттік органдардың ашықтылығын көрсететін құралдың бірі – ол азаматтарды жеке қабылдау болып табылады. Былтырғы жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері 7 746 азаматты жеке қабылдады. Осындай орталықтар азаматтардың өзекті мәселелерін дер кезінде құзырлы органдар өкілдерінің басшыларымен бірлесе шешуге ықпалын тигізеді, - деді Облыс орталығындағы орталықтың ашылу салтанатына қатысқан БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды

Сондай-ақ, аталған орталықта облыс әкімі алдын-ала қабылдауға жазылған 10 тұрғынды қабылдады. Азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерін айтты. Өңір басшысы тиісті сала басшыларына азаматтардың мәселелерін шешу бойынша тапсырма берді.

Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды

Тұрғындарды толғандыратын мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатымен құрылған азаматтарды қабылдау орталығында облыстық басқармалардың құзыреті шеңберінде кеңестер беріліп, облыс әкімімен, орынбасарларымен, барлық облыстық басқарма басшылары мен орынбасарларымен және аумақтық департамент басшыларымен бірыңғай кестеге сәйкес алдын-ала жазу арқылы жеке қабылдаулар жүргізілетін болады. Ендігі кезекте орталықта облыстық басқармалар, Орал қаласы әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері жұмыс жасайды, - деп жазды Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды
Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды
Өзгелердің жаңалығы