Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам көз жұмды

25 Қазан 2020, 22:18
1842
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаменті.

ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні Самара-Шымкент жолының 290-шақырымында болған.

Сағат 16.17-де Теректі ауданы Бекей ауылы маңында «ВАЗ-2105» көлігі «Mercedes Bens Aktros» жүк көлігімен түйісті. Жедел құтқару жасағының күшімен «ВАЗ-2105» көлігінде қыстырылып қалған 35 жастағы жүргізуші мен онымен құрдас жолаушы шығарылды. Жүргізуші алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген хабарламада. 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.



Өзгелердің жаңалығы