Батыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам ауруханаға жеткізілді

14 Ақпан 2021, 22:30
1497
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 ақпан күні Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Самал ауылы тұсында болды.

Сағат 13.30-да Беларусь азаматы ауа райының қолайсыздығынан (жолдың нашар көрінуі салдарынан) Skania жүк көлігімен жол шетінде тоқтап тұрған Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктеріне барып соғылған.

БҚО ТЖ департаменті апаттық медициналық орталығы трассалық-медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізді.

Дәрігер қарағаннан кейін төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. 23 жастағы жүкті келіншек ауруханада дәрігер бақылауында қалдырылды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы