Батыс Қазақстанда газбен қамту үлесі 25-тен 98,6%-ға дейін артқан

2 Желтоқсан 2021, 17:55
977
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда газбен қамту үлесі 25-тен 98,6%-ға дейін артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев айтты.

30 жыл ішінде 53 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Тәуелсіздік жылдарында ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 25-тен 98,6%-ға дейін артып, ал ауыз сумен қамту үлесі 31-ден 88,4%-ға дейін өсті. 10 айда  418 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл басынан 4 ауылға көгілдір отын жеткізілді, мереке қарсанында тағы 7 ауылға газ кіретін болады. Сонымен бірге жыл басынан 5 ауылға су өткізілген болса, осы айдың соңына дейін тағы 15 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылатын болады, -деді облыс әкімі. 
Есқалиевтің сөзінше, тәуелсіздік жылдарында барлығы 1200 шақырым жол салынды және реконструкциядан өтті. Бұдан бөлек 2 мың шақырымнан астам жол жөңделіп, 6 көпір салынды. 
Биыл 324 шақырым жол жөнделді. Әуежайдың халықаралық терминалын қайта жаңарту аяқталуда. Пандемия кезінде медициналық қызметтер мен операциялардың 20-ға жуық жаңа түрі енгізілді. 30 жыл ішінде облыста онкодиспансер, 8 емхана, 20 аурухана, 80 медпункт салынды. Республикалық физика-математика мектебінің филиалы мен «125 Highschool» жеке мектебі ашылды. Жалпы тәуелсіздік жылдары 70 мектеп және 20 балабақша салынып, 107 жеке балабақша ашылды, -деді облыс басшысы. 
Сонымен қатар ол Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 920 орны бар  «Атамекен» өнер ордасы ашылды.
Елбасының тапсырмасы бойынша биыл 6 шынықтыру-сауықтыру кешендері іске қосылады. Биыл біздің спортшылар әртүрлі деңгейдегі спорт жарыстарында 314 рет жеңімпаз атанды, -дейді Ғали Есқалиев.
Өзгелердің жаңалығы