Батыс Қазақстанда экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды

4 Желтоқсан 2019, 09:35
3018
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңақала ауданы прокуратурасымен заңсыз жерді қазу және тұрмыстық қалдықтарды төгу фактілері анықталды, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми сайты.

"Ж" ЖШС-і Жаңақала ауылы маңында арнайы рұқсатсыз жерді қазу арқылы саз топырақты алып, Экологиялық кодекстің 12-бабының талабын бұзған.

Экология департаменті маманының қорытындысына сәйкес көлемі 210 текше метр болатын топырақ алынып, 950 мың теңге залал келтірілген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті органмен "Ж" ЖШС-не әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабымен (жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) 631 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны мемлекет пайдасына толық өндірілді, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, "Жаңақала ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сі мен Жаңақала ауылдық округінің әкімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337-бабымен және 344-бабымен (өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) жауапкершілікке тартылды. Олар 63 мың және 25 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.





Өзгелердің жаңалығы