Батыстық әскери қызметшілер Елорда күнін ерекше атап өтті

8 Шілде 2019, 10:05
2106
Бөлісу:
Батыстық әскери қызметшілер Елорда күнін ерекше атап өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау, Атырау және Ақтөбеде бұқаралық спортты дамыту шеңберінде әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының қатысумен Астана күніне арналған спорттық іс-шаралар өтті.

E98A9119.JPG

Спорттық іс-шараларға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімі қатысты. Футбол, гір көтеру, қол күресі және отбасылық сайыстардан тұрған ойын қызықты да тартысты өтті.

E98A9126.JPG

Гарнизондың мерекелік іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерімен қатар, ҰҚК Шекера әскерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері де бақ сынады.

E98A9309.JPG

Мерекелік іс шаралар қарсанында әскери бөлімдерде Елорда күніне орай салтанатты сапқа тұру мен мерекелік концерттер өткізілді.

«Бүгінгі күні, Елордамыз әлемдік қауымдастыстықтың алдында бейбітшілікке ерекше ұмтылыс танытқан қала, ұлттар мен конфессия өкілдері келіссөз жүргізетін алаң ретінде танылып келеді. Сол себепті, Нұр-Сұлтан – әрбір азаматтың, әрбір жауынгердің бойында ерекше мақтаныш сезімін туғызады», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қолбасшысы Нұрлан Алдияров.

E98A9321.JPG
Гарнизондарда осы уақыт ішінде отбасылық конкурстар аяқталып, оның нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілер мен олардың отбасылары грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.
Өзгелердің жаңалығы