Батырхан Шүкенов атындағы байқау өтеді

24 Ақпан 2020, 16:30
1920
Бөлісу:
Батырхан Шүкенов атындағы байқау өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. III Республикалық "ОТАН АНА" вокал байқауы әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновті еске алу және оның шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Биылғы байқаудың басты ерекшелігі - финалистерді вокалдық баттл арқылы іріктеу. Сонымен қатар, әндер кәсіби аспаптық ансамблдің сүйемелдеуімен орындалады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 18-30 жас аралығындағы вокалистер қатыса алады. Байқаудың финалы 16-18 мамыр аралығында Қызылорда қаласында өтеді – дейді ұйымдастырушылар.

Пресс-бранчқа танымал әншілер, композиторлар, режиссерлер мен Қазақстанның ең үздік джаз пианисі Виктор Хоменков қатысады. Ұйымдастырушы "Таңдау" продюсерлік орталығы мен Батырхан Шүкеновтің жақын достары, туыстары биылғы байқаудың ерекшелігі, мақсаты мен міндеттері туралы айтады. Сонымен бірге жас таланттардың шетелде танылуға ұмтылуы және олардың Қазақстанда бағаланбау мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, пресс-бранчқа режиссер, "ОТАН АНА" байқауының ұйымдастырушысы және қазылар алқасының мүшесі Қарлығаш Ажиева, Батырхан Шүкеновтің ағасы, "Арман" кинотеатрлар желісінің бас директоры, Батырхан Шүкенов атындағы ІІ республикалық жез үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың байқауының ұйымдастырушысы Бауыржан Шүкенов, Қазақстанның халық әртісі, Батырхан Шүкеновтің жақын досы Роза Рымбаева, Тимур Балымбетов, Ерік Төленов, Сәкен Майғазиев т.б. өнер жанашырлары қатысады.

Өзгелердің жаңалығы