Батутта секіруден әлем чемпионатында еліміздің спортшылары алтын медаль иеленді

29 Қараша 2021, 10:59
925
Бөлісу:
Батутта секіруден әлем чемпионатында еліміздің спортшылары алтын медаль иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан жас топтары арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды деп хабарлады Olympic.kz. 

Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Қазақстандық дуэт 49,910 ұпай иеленген. 

Екінші орынды Франция иеленсе, қола медальді Беларусь өкілдері жеңіп алды.

Грачёв пен Барков - Өскемен қаласының өкілдері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Федор Булучевский мен Игорь Яковлевтің қоластында жаттығады.

Спортшылар 4 жылдан бері жұптасып синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл - олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.



Өзгелердің жаңалығы