Баттақов қандай тауарларды форвардтық сатып алу арқылы жүргізу керегін айтты

18 Наурыз 2022, 09:46
1150
Бөлісу:
Баттақов қандай тауарларды форвардтық сатып алу арқылы жүргізу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Сауда және интеграция вице-министрі Ерлан Баттақов Үкімет отырысында айтты. 

Ұзақмерзімді сақтау тауарларын (күріш, қант, тұз және қарақұмық жармасы) біз тұрақтандыру қорларына жергілікті атқарушы органдардың тікелей және форвардтық сатып алуы арқылы сатып алу жүргізуді ұсынамыз. "Айналым схемасы" аясында  көкөністерді, етті, сүт өнімдерін және күнбағыс майын сатып алу жүргізіледі, - деді Баттақов.

Вице-министр атағандай, ұн, нан және рожкилер өндірісін арзандату үшін бидайды "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ арқылы сатып алу ұсынылады.

Сондай-ақ аталған институтты астық және күнбағыс тұқымдарын сатып алу үшін тартуға ұсынылады.Жоғарыда аталған тәсілдер халықты өніммен жеткілікті көлемде және қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы