Баталов өңірлердегі кәсіпкерлердің мәселесі қалай шешілетінін айтты

3 Қараша 2022, 11:16
1217
Бөлісу:
Баталов өңірлердегі кәсіпкерлердің мәселесі қалай шешілетінін айтты

Атамекен ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов еліміздегі кәсіпкерлердің мәселесі қалай қаралатынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық палата өңірлерден, бірлестіктерден және шаруашылық жүргізуші субъектілерден келетін «мәселелер тізілімі» жобасын жүргізіп келеді. Біз кейін ол мәселелер тізімін Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевқа тапсырамыз, онда бұл мәселелер бізбен және мемлекеттік органдармен бірге қарастырылады, – деді ол.

Айтуынша, былтыр өңірлер тарапынан 254 жүйелі мәселе келіп түскен. Қазіргі таңда ол мәселелер жүйелі шешімін табуда. Биыл Х Съезге өңірлердегі бизнестен, салалық бірлестіктерден 160-қа жуық проблемалық мәселелер бар екенін белгілі болды.

Кеше Премьер-Министрдің қатысуымен өткен кеңесте Әлихан Асқанұлы бизнес мәселелерін шешудің оң шешімдері бар екенін, бірақ сонымен бірге, әзірленген шешімдерді мемлекеттік органдардың кешігіп орындап жатқаны туралы фактілердің бар екенін баса айтты.  Бұл сұрақтар оның жеке бақылауында болады, – деді Баталов Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х Съезінде.

Өзгелердің жаңалығы