Бастығы бар сот тәуелсіз сот бола алмайды

30 Тамыз 2022, 15:49
2362
Бөлісу:
Бастығы бар сот тәуелсіз сот бола алмайды

«Желмая» жобасына берген сұхбатында «Қазақстан заңгерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай еліміздің сот жүйесіндегі бірқатар мәселені атады деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бастығы бар сот тәуелсіз сот бола алмайды. Ол міндетті түрде тәуелді болады. Әр соттың тек бір бастығы бар, ол – заң. Одан басқа ешкім болмау керек, тәуелсіз болуы керек. Ал бізде төраға дегендер бар: аудандық соттардың төрағасы, облыстық соттардың төрағасы, алқалардың төрағасы, Жоғарғы Соттың төрағасы, оның алқаларының төрағасы. Толған бастық бәрі. Жоғары жақтан қалай айтса, солай жөнделіп жатқан жағдайлар бар. Оны қалай жасырсаң да, халық біледі, - деді ол. 

Осы орайда, Серік Ақылбай Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеген кездегі тәжірибесімен бөлісті. Ол кейбір соттар облыстық соттың мүшелерімен, өзін қарайтын сотпен келісіп жасалған шешімдер бұзылған уақытта «шешімді өздері бұзды, біз қалай таяқ жейміз» деп өзінің тәуелді екенін толықтай мойындайтынын айтты. 

Ол кімнің тағдырын шеше алады, өзінің тағдырын шеше алмайтын болса? Сот деген тұлға болу керек. Ол біреуге бағынатын шенеунік емес, ол жоғарғы деңгейдегі, мемлекеттің атынан шешім қабылдайтын тұлға! Ондай болу үшін адамның ішкі дүниесі де мықты болу керек. Сот ешкімге бағынбайтын, өте таза адам болу керек! Сот жүйесінде ондай соттар бар, бірақ оларға жұмыс істеу өте қиын. Себебі бастықтың айтқанын істемесе, соның соңына түсе бастайды. Сондықтан сот жүйесінде үлкен өзгерістер керек, - деді ол. 

Серік Ақылбай соттарға төрағаның керегі жоқ деп есептейді. Ол мұны Кеңес одағынан келе жатқан, артта қалған, соттарға айтқанын істететін, тоқтатуды қажет ететін құрылым деп атады. 

Өзгелердің жаңалығы