Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары туралы айтып берді.
«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, ол бизнеске тегін сервистік қолдау көрсетеді. Осыған ұқсас қызметтерді services.atameken.kz порталы арқылы алуға болады.
2020 жылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша 4325 офлайн қызмет көрсетілді, бірегей тұтынушылар саны 3957 адамды құрады, онда 572-ге онлайн қызмет көрсетілді, оның 432-сі бірегей тұтынушылар болып табылады. Барлығы 29 кеңесші тарапынан барлығы 4 897 қызмет көрсетілді, бұл жоспардың 108,55%-ын құрайды. Биылғы жылы эксперименттік режимде қызметтердің бір бөлігі аутсорсингке берілді. 1 қыркүйектен бастап, «Salyk consulting» жеке кәсіпкерлігінің консалтингтік компаниясы өз жұмысын бастады, ол байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болып, сервистік қызметтер көрсетуде.
Танымал қызметтердің бірі – бұл бизнес-жоспарларды құру. Тек осы жылдың өзінде біздің кеңесшілеріміз 2,3 млрд. теңге сомасына 218 бизнес-жоспар жазылды. Оның ішінде екінші деңгейлі банктерде 950 млн тг сомасына 78 жоба мақұлданды, - деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.
Сонымен қатар, «Бизнес-мектеп» бағдарламасы бар, онда бүгінгі таңда 1338 адам оқытудан өтті. Отандық сарапшыларды тарта отырып, «Аға сеньорлар» компоненті бойынша Алматыда «Level A» ЖШС және «DML» ЖШС үшін екі міндет өткізілді.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 2 600 адам оқуды аяқтады (2 128 тыңдаушы аяқталғаны туралы сертификат алды, 472 тыңдаушы қатысқаны туралы сертификат алды), оның ішінде: 48 қатысушы мүгедек, 400 – көпбалалы аналар және көп балалы отбасы мүшелері, 278 – аз қамтылған адамдар және отбасы мүшелері, NEET санатындағы жастар (әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар) 448 қатысушы кәсіпкерлер, 219 қатысушы қандастар, 39 қатысушы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 217 қатысушы және жұмыссыздар – 951 қатысушы.
2020 жылы Алматы қаласы бойынша 1705 грант бөлінді, оның ішінде 818 грантты 2019 жылғы «Бастау бизнес» жобасының түлектері алды, ал қалған 687 грантты 2020 жылғы оқуды аяқтаған қатысушылар алды.
Бүгінгі таңда 2020 жылдың 1334 түлегі 5 бағыт бойынша өз бизнесін бастады:
- тігін цехы (ателье, киімдерді жөндеу, қиыстырып келтіру, тігу) – 581;
- сұлулық салоны (шаштараз, тырнақ қызметі орталығы, макияж орталығы) – 293;
- кондитерлік цех (шағын наубайхана, кондитерлік, нан-тоқаш өнімдері) 95;
- қоғамдық тамақтану (асхана, фастфуд, фудкордтар, аспаздық, кофеханалар, донерлік, кофетериялар, пиццерия, бургерлік) – 75;
- фотостудия (монтаж, бейнежазба, фотосалондар) – 59.