Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып, баспасөз картасы ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатын болады.
Баспасөз карталарын беру критерийлеріне келетін болсақ, бірден айта кетейік, барлығы айтып жүрген жұмыс өтілі, жоғары білімі болу керек деген өзгерістер жалпы жұмыс топтарындағы талқылау қорытындылары бойынша алынып тасталады. Алайда қазіргі уақытта аккредиттеуді оңайлату тәсілі нақты қандай формада жүзеге асырылатынын айтуға ерте. Ол алдағы жұмыс тобының отырысы барысында айқандалатын болады, - деді Аида Балаева.
Еске салсақ, мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттауда 7 мыңға жуық материал жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.