Баспасөз бостандығы рейтингі жарияланды

18 Желтоқсан 2019, 11:00
13728
Бөлісу:
Баспасөз бостандығы рейтингі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымының баспасөз бостандығы мен журналистикадағы ахуалды бағалайтын рейтингі жарияланды деп жазады 7kun.kz. 

Бұл рейтинг бойынша Қазақстан 158-ші орынды иеленген.Рейтингке барлығы 180 ел кіреді. Қазақстан осымен екінші жыл қатарынан 158-ші сатыға орналасты.

Рейтинг көшбасшылары — Норвегия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Дания.

"Еркіндігі" төмен дәрежедегі елдер қатарына Вьетнам (176-орын), Қытай (177-орын), Эритрея (178-орын), КХДР (179-шы), Түркменстан (180-ші орын) мемлекеттері кірді.

Айта кетейік, Қазақстанмен көршілес елдер келесі орындарды иеленді: Қырғызстан — 83-ші, Ресей — 149-ші, Өзбекстан — 160-шы, Қытай — 177-ші.

Өзгелердің жаңалығы