Баспаналы болу. 15 ақпаннан бастап не өзгереді

3 Қараша 2023, 08:13
6359
Бөлісу:
Баспаналы болу. 15 ақпаннан бастап не өзгереді
Фото: Нұркен Алишев - архив

2024 жылдың 15 ақпанынан бастап «Отбасы банкі» ең танымал аралық несиені беру шарттарын өзгертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл қазақстандықтарды ұзақ және тәртіпті үнемдеуге ынталандыру үшін жасалатын болады

Аралық заем қалай жұмыс істейді.

Отбасы банк жинақ мәдениетінің негіздерін нығайту мақсатында өткен жылы аралық заемдар бойынша мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен саралау бойынша жұмыс істей бастады. Аталмыш заем түрін беру енді бағалау көрсеткішіне және жинақтау кезеңіне байланысты. Қазіргі уақытта аралық заемды бағалау көрсеткішінің ең төменгі 2,5 мәнімен алуға болады. Бұл мәнге жету үшін депозиттегі ақша кем дегенде 3 ай бойы жиналуы керек.

2024 жылы не өзгереді

2024 жылдың 15 ақпанынан бастап аралық заемды алу үшін бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні 5-ке дейін көтеріледі.

Бұл ретте аралық заем мөлшерлемелері төмендейді және 6%-дан 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 6,2%-дан бастап) болады.

Несие бойынша мөлшерлеме көлемі депозит бойынша жинақтау мерзіміне және бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты болады. Бағалау көрсеткіші жоғары болған сайын заем мөлшерлемесі төмен болады.

Қазіргі уақытта аралық заемды бағалау көрсеткішінің ең төменгі 2,5 мәнімен алуға болады. Бұл мәнге жету үшін депозиттегі ақша кем дегенде 3 ай бойы жиналуы керек.

Бағалау көрсеткіші 5 болу үшін не ісеу керек

Бағалау көрсеткішінің 5-тік мәнін тұрғын үй құнының 50% мөлшеріндегі сомаға салымды толтыру сәтінен бастап кемінде 6 ай мерзім өткен жағдайда алуға болады. Сонда ғана банк 8,5%-ға (ЖТСМ 8,9%-дан бастап) тең болатын ең жоғары мөлшерлеме бойынша заем береді.

Бағалау көрсеткіші

6,66 - 7,48

5,83 - 6,65

5 - 5,82

Аралық заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі

6%-7,5%

6,5% -8%7%-8,5%

Бағалау көрсеткішінің мәніне қарай аралық тұрғын үй заемдары бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемелері келесі бағдарламалар бойынша қолданылатын болады:

1. Банктің нарықтық бағдарламалары – алғашқы немесе екінші нарықтан тұрғын үй алу, жер телімін алу, баспананы жөндеу және жаңғырту, тұрғын үй құрылысы.

2. «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы аясында несиелендіру шарттары, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша.

3. «Жаңа баспана» (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін).

Тұрғын үй және алдын ала заемдар бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.

Өзгелердің жаңалығы