Үкімет отырысында Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айдапкеловтің айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2025 жылы Отбасы банк халыққа жалпы сомасы 1 трлн 645 млрд теңгеге 77 148 қарыз берген.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2025 жылы Отбасы банк халыққа жалпы сомасы 1 трлн 645 млрд теңгеге 77 148 қарыз берді, – деді Айдапкелов.
Холдинг өкілінің сөзінше, 2026 жылы тұрғын үйге мұқтаж 70 мыңнан астам отбасыға Отбасы банктің барлық бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотекалық кредит беру жоспарланып отыр.
2026 жылы баспанаға мұқтаж 70 мыңнан астам отбасына Отбасы банктің барлық бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотекалық кредит арқылы 1 трлн 630 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беру жоспарланып отыр, – деді ол.
Сонымен қатар, Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі 2026 жылы тұрғын үй құрылысына шамамен 2,4 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкеловке сын айтқан еді.