Баспана нарығы жанданды: Сәуірде 35 мыңнан астам пәтер сатылды

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 23,4% өсті.

 gov.kz Бүгiн 2026, 14:04
Бүгiн 2026, 14:04
213
Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, 2026 жылғы сәуір айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелген. 2026 жылғы наурызбен салыстырғанда (28 493) мәмілелер саны 23,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 498 – 18,5%) және Астана (6 193 – 17,6%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 841 – 8,1%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 324 мәміле (0,9%) тіркелген.

2026 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде мәмілелер санының өсуі, Атырау облысын (-5,6%) қоспағанда, барлық өңірлерде байқалады. Ең жоғарғы өсім Ұлытау  (+55,8%), Қызылорда (+49,4%) және Абай (+45,7%) облыстарында тіркелді.

2026 жылғы наурыз айымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 21,2% (4 789 мәмілеге) өсті. 2026 жылдың сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 27 331 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,7%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (22,2%), Алматы (22%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,6%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 10 204 мәміле.

2026 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 31,5% (1 872 мәмілеге) өсті. Сәуірде барлығы 7 823 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Солтүстік Қазақстан (+76,3%), Абай (+73,1%) және Ұлытау (+71,4%) облыстарында тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі тек Алматы қаласында (-2,2%) орын алды.

2026 жылғы сәуірде тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 4,6% азайды, ол кезде 36 839 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Түркістан облысында (+41,5%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-28,6%). 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,6% төмендеу байқалды.

Наверх