Бәскелестікті дамыту жөнінде заң жобасы әзірленуде

7 Маусым 2021, 16:34
1634
Бөлісу:
Бәскелестікті дамыту жөнінде заң жобасы әзірленуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин дөңгелек үстел барысында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам және бизнес өкілдерімен бірлесіп, бәсекелестікті дамыту мәселелеріне қатысты заң жобасын әзірлеуде.

Заң жобасы цифрлық экономика және жаһандану жағдайында антимонополиялық реттеуді жетілдіруді, мемлекеттік және жеке меншік операторлар қызметін реттеуді көздейді. Оның ішінде жеке меншік операторлар үшін байқау тәртіптерін бекіту, мемлекеттік монополияның құқықтық режимі сынды мәселелер бар. Сонымен қатар экономикадағы мемлекеттікті азайту мәселесі қарастырылады. Оның ішінде мемлекеттік тапсырысты бөлудің себебі, оны қарастырудың әдістемесі, квазимемлекеттік секторға жеке меншік компаниялардың қатысуы кезінде сатып алуға қатысуына шектеу қою сынды мәселелер бар, - деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасы, сонымен қатар,  мемлекеттік сатып алудағы бәсекелестікті дамытуды да көздейді.

Осы орайда бір көзден сатып алуды шектеу, мемлекеттік сатып алу порталын пайдалану тарифін бекіту мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділік, нарық субъектілерін комплеанс жүйесіне енгізу мақсаты да қарастырылған, - дейді ол.
Еске салсақ, елімізде Бәсекелестікті дамыту туралы ұлттық жоба қабылданатыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы