Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов "егер санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мұқият қадағаланса, дұрыс бағытқа келеріміз анық. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов айтты.
Оның айтуынша, әлем елдері коронавирус инфекциясымен күресу үшін енгізілген қатаң шараларды біртіндеп алып жатқанын айтты.
Қолға алынған шаралар нәтижесі көрсеткендей, Қазақстан "XXI ғасыр індеті" аталып кеткен өте қауіпті, бақылауға бағынбайтын коронавирус инфекциясының жаппай таралып кетпеуі үшін барлық жағдайды жасағанын байқадық. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, санитариялық-карантиндік талаптар, яғни арақашықтық сақтау, маска кию, тазалық, залалсыздандыру жұмыстары сияқты өзге де шаралар әлі де қатаң сақталмақ. Түрлі мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс режимін біртіндеп қалыпқа келтіруде. Тұрғындарға қала сыртындағы бау-бақшаларға баруға, санитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, аулада серуендеуге, спортпен шұғылдануға рұқсат беріліп жатыр. Егер санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мұқият қадағаланса, дұрыс бағытқа келеріміз анық, - деді ол.
Сараптамалық институт директоры ҚР Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың 2020 жылдың 10 мамырында қабылдаған Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысынан үзінді келтірді.
Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен облыс әкімдеріне ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне, діни объектілердің қызметіне тыйым салу, әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеру, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына және басқа да объектілерге санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу, халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды, - деді Бәшімов.
Марат Бәшімовтің айтуынша, мұндай режиммен бірнеше жыл өмір сүруге тура келеді.