Башар Асад төртінші рет президенттік қызметіне кірісті

17 Шілде 2021, 18:19
1242
Бөлісу:
Башар Асад төртінші рет президенттік қызметіне кірісті

Алматы, BAQ.KZ. Сирия президенті Башар Асад бүгін ант беріп, тағы жеті жыл ел басқару ісіне кірісті. Бұл туралы SANA агенттігі хабарлады.

Осылайша Сирия елін 2000 жылдан бері басқарып келе жатқан Асад 2028 жылға дейінгі президенттік лауазымына қайта кірісті.
Инагурация рәсіміне Халық кеңесі өкілдері, үкімет мүшелері, әскери элита, діни конфессия басшылары, мәдени және қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиын барысында Асад ел аумағында өткен соғыс жағдайында табандылық танытқаны үшін Сирия халқына алғыс білдірді.
Айта кетсек, Сирияда президент сайлауы 26 мамыр күні өткен. Сол күні дауыс берушілер қатарының көптігінен елдегі 12 мың сайлау учаскесінің жұмысы тағы бес сағатқа созылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы