Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі газ құю станцияларын тексерді

21 Ақпан 2022, 16:56
1418
Бөлісу:
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі  газ құю станцияларын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 193 бөлшек автомобильге газ құю станциясына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, оның 89-ы Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі.

Бас прокуратураның тексеруі шеңберінде Агенттік 44 нарық субъектісінің әрекеттерінде келісілген әрекет және картельдік сөз байласуды ұйымдастыру фактілерін анықтады.

Сондай-ақ қазіргі кезде прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 32 нарық субъектісіне қатысты әкімшілік істер қозғады, материалдар сотқа жіберілді, - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 7 нарық субъектісі бойынша материалдарды қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қарау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жіберді.

Атырау облысында 2 нарық субъектісі бойынша таяу арада әкімшілік істер қозғалатын болады.

Сонымен қатар прокуратура органдарынан қадағалау актілері келіп түскен жағдайда, басқа тергеп-тексерулер бойынша әкімшілік істер қозғалады.

Қалған нарық субъектілері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы